«Атлетико Мадрид» Джек Грилиш үшін таласуда

Бегасыл Амирбай ··
«Манчестер Сити» ФК

«Манчестер Сити» ФК

Мадридтік «Атлетико» «Манчестер Ситидің» вингері Джек Грилишті қатарға қосуға қызығушылық танытып отыр.

The Sun мәліметінше, 30 жастағы ағылшын футболшысы «Манчестер Ситидің» жаңа бас бапкері Энцо Маресканың жоспарына енбейді. «Эвертондағы» жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін ойыншы ағылшын клубынан тұрақты түрде кетуі мүмкін.

«Атлетиконың» спорттық директоры Матеу Алемани Грилишті команда құрамын күшейтудегі негізгі мақсаттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Алайда келісімдегі басты қиындық – қаржылық мәселе. Мадридтік клуб ойыншыны жалға алып, кейін сатып алу құқығын ұсынуы немесе жалақысының бір бөлігін екі клуб арасында бөлу нұсқасын қарастыруы мүмкін.

Айта кетейік, Грилиш үшін «Атлетико» командасына бәсекелес ретінде «Эвертон», «Астон Вилла», сондай-ақ Сауд Арабиясы мен MLS-тегі бірнеше клуб бар.

Грилиш «Манчестер Ситиге» 2021 жылдың жазында «Астон Вилладан» 117,5 миллион еуроға ауысқан болатын. Өткен маусымда ағылшын футболшысы «Эвертон» сапында жалға ойнап, 22 матч өткізіп, 2 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.