«Атлетико» Альварестің болашағына қатысты қауесеттерге нүкте қойды

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Барселонаның» Хулиан Альвареске деген қызығушылығы мадридтік «Атлетиконың» ұстанымын өзгерткен жоқ. Клуб басшылығы аргентиналық шабуылшыны сатуды талқыламақ емес және бұл туралы барлық мүдделі тараптарға хабарлаған.

«Атлетиконың» бас директоры Мигель Анхель Хиль бұл шешім тек футболшы мен оның өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ «Барселона» президентіне де жеткізілгенін айтты. Функционердің сөзінше, клуб ықтимал трансфер мәселесін толық жабық деп санайды.

Сонымен қатар, Мадрид клубында ұсыныс сомасы да олардың шешіміне әсер етпейтінін мәлімдеді. Хильдің айтуынша, «Атлетико» шабуылшыны 100 миллион еуроға сатудан бас тартқан және ұсыныс 150 немесе 200 миллион еуроға дейін өссе де, өз ұстанымын өзгертпейді.

«Біз 100 миллион еуро ұсынысын қабылдамадық және 150, тіпті 200 миллион еуро ұсынысын да қабылдамаймыз», – деді Анхель.

Клубта Альварес команданың ойын үлгісіне мінсіз сай келеді деп есептейді, сондықтан оның осы жазда кетуі мүлде қарастырылмайды.

Өткен маусымды аргентиналық барлық турнирде 52 матчта 20 гол және 10 нәтижелі паспен аяқтады. Оның «Атлетикомен» келісімшарты 2030 жылдың маусымына дейін жарамды, ал Transfermarkt бағалауы бойынша нарықтық құны 100 миллион еуроны құрайды.

«Атлетико» Альварестің болашағына қатысты қауесеттерге нүкте қойды – sport-hub