«Атлетико» Дания құрамасының жартылай қорғаушысын сапына қосты
Бөлісу

Фото: ФК «Атлетико Мадрид»
Мадридтік «Атлетико» Лиссабонның «Спортинг» клубынан Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Мортен Юльманды өз қатарына қосқанын ресми түрде жариялады.
Трансфер құны 40 миллион еуроны құрады. Сонымен қатар, келісім шарттары орындалған жағдайда «Спортинг» тағы 5 миллион еуро көлемінде бонус ала алады.
Юльман «Спортинг» сапында 2023 жылдың тамызынан бері ойнаған еді. Ол португалиялық клубқа италиялық «Леччеден» 19,5 миллион еуроға ауысқан болатын. Жалпы «Спортинг» құрамында 140 матч өткізіп, 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.