Джек Грилиш «Әл-Хиляль» ойыншысы атануы мүмкін
Бөлісу

«Эвертон» ФК
«Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Джек Грилиш жазғы трансферлік кезеңде командадан кетуі ықтимал. 30 жастағы футболшыға Сауд Арабиясының бірнеше клубы қызығушылық танытуда.
Солардың бірі «Әл-Хиляль». Клуб жаңа маусым қарсаңында сол қапталдағы вингер позициясын күшейтуді көздеп отыр.
Ал «Эвертон» ағылшын ойыншысын тағы да жалға алуға дайын. Дегенмен «Манчестер Сити» футболшыны толыққанды трансфер арқылы сатуды жөн көреді.
Өткен маусымда Грилиш «Эвертон» сапында жалға ойнады. Ливерпульдік клуб құрамында ол 22 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Футболшының трансферлік құқықтары «Манчестер Ситиге» тиесілі.