«Әл Хиляль» Илимән Ндиайені қатарға қосқысы келеді

«Эвертон» ФК
Сауд Арабиясының «Әл Хиляль» клубы трансфер нарығындағы жұмысын жалғастырып жатыр. Клубтың келесі нысанасы «Эвертон» және Сенегал құрамасының шабуылшысы Илимән Ндиайе болды.
Фабрицио Романо мәліметінше, «Әл Хиляль» Илимән Ндиайемен осы трансферлік терезеде ауысу мүмкіндігі бойынша келіссөздерді бастап кеткен.
Қазіргі уақытта келіссөздер бастапқы кезеңде, алайда саудиялық клуб жақында «Вест Хэмнен» Крисенсио Саммервиллді 80 миллион еуроға сатып алғаннан кейін шабуыл шебін күшейтуді жалғастыруға ниетті.
Өткен маусым қорытындысы бойынша «Әл Хиляль» Сауд Арабиясы чемпионатында екінші орын алып, чемпиондықты «Әл Насрға» жіберіп алды. Симоне Индзаги жаттықтыратын команда жаңа маусым алдында құрамын күшейтуді көздеп отыр.
Айта кетейік, өткен маусымда Илимән Ндиайе «Эвертон» сапында 34 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында ол 4 ойынның 3-іне қатысып, 1 ассист тіркеді.