«Әл-Хиляль» Нидерланд құрамасының вингерін 80 миллион еуроға сатып алады

Фото: «Вест Хэм» ФК
Сауд Арабиясының «Әл-Хиляль» клубы Нидерланд құрамасының вингері Крисенсио Саммервиллді «Вест Хэмнен» сатып алу туралы келісімге келді.
Журналист Дэвид Орнштейннің мәліметінше, клубтар трансфер құнын 80 миллион еуро деп келіскен. Футболшы жақын күндері медициналық тексерістен өтеді. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін 24 жастағы нидерландтық ойыншы «Әл-Хиляльмен» ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қояды.
Бұған дейін Саммервиллге «Рома», «Манчестер Юнайтед» және «Астон Вилла» клубтары қызығушылық танытқан болатын. 2026 жылғы әлем чемпионатында ол Нидерланд құрамасы сапында төрт матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Өткен маусымда Саммервилл барлық турнирде 34 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 5 нәтижелі пас авторы атанды. Ал «Лидстан» «Вест Хэмге» ауысқаннан бері ол лондондық клуб сапында 56 матч өткізіп, 8 гол соқты және 7 нәтижелі пас жасады.