Патрик Виейра Сенегал құрамасын басқаруы мүмкін

«Дженоа» ФК
Франциялық маман Патрик Виейра Сенегал ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері атануы мүмкін.
Footmercato мәліметінше, Сенегал футбол федерациясы ұлттық команданың бас бапкері қызметіне Виейра кандидатурасын қарастырып отыр. Қазіргі таңда тараптар арасындағы келіссөздер белсенді кезеңде.
Виейраның бапкерлік мансабын «Манчестер Сити» жүйесінде бастады. Ол клуб академиясында және 21 жасқа дейінгі командада жұмыс істеді. Кейін маман әр жылдары «Нью-Йорк Сити», «Ницца», «Кристал Пэлас», «Страсбур» және өзінің соңғы жұмыс орны болған «Дженоа» клубтарын жаттықтырды.
Бұған дейін Виейра мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін деген ақпарат тараған. 50 жастағы маманға Шымкенттің «Ордабасы» клубы қызығушылық танытқан, алайда тараптар қаржылық талаптар бойынша ортақ келісімге келе алмады.
Еске салсақ, 2026 жылғы әлем чемпионатында Сенегал құрамасы 1/16 финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Бельгиядан 2:3 есебімен жеңілді. Турнирден кейін команданың бас бапкері Пап Тиау қызметінен кетті.