«Әл-Хиляль» қорғаушысы Эрнандес Еуропаға оралғысы келеді

Бегасыл Амирбай ··
«Әл-Хиляль» ФК

«Әл-Хиляль» ФК

Франциялық қорғаушы Тео Эрнандес «Әл-Хиляльден» кетуі мүмкін. 28 жастағы футболшы Еуропа чемпионатына қайта оралуға ниетті.

Tuttosport басылымының мәліметінше, Эрнандес өз қызметін «Ювентуске» ұсынған. Туриндік клуб бұған дейін алты маусым бойы «Милан» сапында өнер көрсеткен франциялық ойыншыны қатарға қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

«Әл-Хиляль» қорғаушы бойынша ұсыныстарды, соның ішінде жалға беру нұсқасын да қарастыруға дайын. «Ювентустан» бөлек, Эрнандеске «Наполи» мен мадридтік «Атлетико» да қызығушылық танытып отыр.

Еске сала кетейік, Эрнандес «Әл-Хиляль» клубына 2025 жылы ауысып, үш жылдық келісімшартқа қол қойған. Сауд Арабиясына дейін француз «Милан» сапында өнер көрсетті. Серия А аясында ол 195 матч өткізіп, 31 гол соғып, 27 нәтижелі пас берген.