«Интер» «Манчестер Сити» жұлдызын тегін алды
Бөлісу

«Интер» ФК
Миланның «Интер» клубы ағылшын орталық қорғаушысы Джон Стоунздың трансферін ресми түрде жариялады.
Келісімшартқа қол қойылғаны туралы ақпарат италиялық клубтың ресми сайтында жарияланды.
32 жастағы футболшы «Интер» сапына еркін агент ретінде қосылды. Тараптар 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа отырды.