Аустралия – Мысыр: ӘЧ матчының тікелей трансляциясы

Фото: ФИФА
Аустралия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Мысыр құрамасына қарсы матч өткізеді.
1/16 финалдағы кездесу 3 шілде күні АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы «Эй-ти-энд-ти Стэдиум» стадионында өтеді. Басталу уақыты Қазақстан уақытымен 23:00.
Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимінде бақылауға болады.
Еске салайық, бұған дейін Аустралия құрамасы төрт ұпаймен D тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыққан болатын. Ал Мысыр құрамасы бес ұпай жинап, G тобында екінші орынмен 1/16 финалға жолдама алды.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 құрама қатысуда.