БАӘ клубы Ришарлисонды алуға қызығушылық танытты

Бекарыс Әлімхан··
«Тоттенхэм» ФК

«Тоттенхэм» ФК

«Тоттенхэм» шабуылшысы Ришарлисон мансабын БАӘ чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Бразилиялық футболшыға Дубайдың «Шабаб Аль-Ахли» клубы қызығушылық танытып отыр.

TransferFeed мәліметінше, Дубай клубы 29 жастағы футболшыны сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. «Шабаб Аль-Ахли» сапында Ришарлисон Андре Жардинемен қайтадан бірге жұмыс істеуі мүмкін. Дубайлық клуб бразилиялық маманды маусым айында бас бапкер етіп тағайындаған.

Бұған дейін Жардине мен Ришарлисон Бразилия құрамасы сапында Токиода өткен Олимпиада ойындарында бірге чемпион атанған. Сол турнирде шабуылшы бес гол соғып, жарыстың үздік сұрмергені атанды.

Айта кетейік, Ришарлисон «Тоттенхэмнің» АПЛ-дегі ресми өтініміне енбеді. Лондондық клубтың бас бапкері Роберто Де Дзерби шабуылшыны командада қалуға бірнеше рет көндіруге тырысқанын растады. Бразилиялық футболшының клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.