«Тоттенхэм» Мудриктің ауысқанын ресми түрде жариялады

Бекарыс Әлімхан··
«Тоттенхэм» ФК

«Тоттенхэм» ФК

Украиналық вингер Михаил Мудрик «Челсиден» «Тоттенхэмге» 2026/27 маусымының соңына дейін жалға ауысты.

Фабрицио Романоның мәліметінше, келісімде 87,5 млн еуроға міндетті емес сатып алу опциясы қарастырылған. «Тоттенхэмде» Мудрик 27-нөмірмен өнер көрсетеді. Ол Роберто Де Дзербимен қайта жұмыс істейді. Де Дзербидің басшылығымен украиналық футболшы бұған дейін Донецктің «Шахтерінде» ойнаған.

Мудрик «Челсиге» 2023 жылдың қаңтарында ауысқан. Лондондық клуб сапында украиналық футболшы барлық турнирлерде 73 матч өткізіп, 10 гол соқты.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Мудриктің допинг сынамасынан мельдоний анықталғаннан кейін футболдан шеттетілген болатын. Шілде айында Англия футбол қауымдастығы істің WADA келісімімен реттелгенін хабарлады. Футболшы ереже бұзғанын мойындады, ал дисквалификация мерзімі оның жазасын өтеген уақыты ретінде есептелді. Осыдан кейін Мудрикке футболға қайта оралуға рұқсат берілді.

«Тоттенхэм» Мудриктің ауысқанын ресми түрде жариялады – sport-hub