«Тоттенхэм» Лига кубогінде ірі есеппен жеңіске жетті
Бөлісу

«Тоттенхэм» ФК
Лондондық «Тоттенхэм» Англия лигасы кубогінің екінші турында «Чарльтонды» 5:1 есебімен жеңді.
Алаң иелері 41-минутта Майки Мурдың соққысынан кейін есеп ашты. Үзіліс алдында Доминик Соланке команданың басымдығын еселей түсті. 67-минутта Кевин Дансо «Тоттенхэм» сапындағы алғашқы голын соқты. Осыдан кейін алаңға лондондық клубқа «Манчестер Ситиден» ауысқан Савиньо шықты.
Бразилиялық футболшы 82-минутта гол соқты. Үш минуттан кейін оның соққысы Бен Дэвиске тиіп, доп қақпаға кірді. 87-минутта Ллойд Джонс «Чарльтонның» жалғыз голын соқты.
Англия лигасы кубогінің үшінші турында «Тоттенхэм» сырт алаңда «Ливерпульмен» кездеседі.