Чемпиондар лигасы-2026/27 жалпы кезеңінің барлық қатысушысы анықталды

«Сабах» ФК
2026/27 маусымындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсететін 36 клубтың барлығы белгілі болды.
29 клуб турнирдің жалпы кезеңіне тікелей жолдама алды. Тағы жеті команда іріктеу кезеңі арқылы өтті. Олар: «Сабах», «Буде-Глимт», ЛАСК, «Фенербахче», «Викинг», АЕК және «Слован Братислава».
Қатысушылардың толық тізімі:
– Англия: «Арсенал», «Астон Вилла», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед»;
– Испания: «Атлетико», «Барселона», «Бетис», «Вильярреал», «Реал»;
– Италия: «Интер», «Комо», «Наполи», «Рома»;
– Германия: «Бавария», Дортмундтың «Боруссиясы», «РБ Лейпциг», «Штутгарт»;
– Франция: «Ланс», «Лилль», «Пари Сен-Жермен»;
– Нидерланд: ПСВ, «Фейеноорд»;
– Португалия: «Порту», «Спортинг»;
– Түркия: «Галатасарай», «Фенербахче»;
– Норвегия: «Буде-Глимт», «Викинг»;
– Бельгия: «Брюгге»;
– Чехия: «Славия»;
– Украина: «Шахтер»;
– Әзербайжан: «Сабах»;
– Австрия: ЛАСК;
– Грекия: АЕК;
– Словакия: «Слован Братислава».
Айта кетейік, «Сабах» сапында Қазақстанның 33 жастағы қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсетеді. Әзербайжандық клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Команда плей-офф кезеңінде «Хапоэль Беэр-Шеваны» 6:4 есебімен жеңді. Қарымта матчта Бакуден келген клуб қосымша уақытта 5:2 есебімен жеңіске жетті.
Жалпы кезеңнің жеребесі 27 тамызда өтеді. Ал алғашқы турдың матчтары 8-10 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.