«Тоттенхэм» Савиньоның ауысқанын ресми түрде жариялады

Бекарыс Әлімхан··
«Тоттенхэм» ФК

«Тоттенхэм» ФК

Бразилиялық вингер Савиньо «Тоттенхэм» ойыншысы атанды. Лондондық клубта футболшы 17-нөмірмен өнер көрсетеді.

Журналист Дэвид Орнштейннің мәліметінше, «Тоттенхэм» Савиньо үшін 75 млн фунт төлейді. Сонымен қатар келісімшартта тағы 10 млн фунт көлемінде бонус қарастырылған. Егер трансфердің жалпы құны осы сомаға жетсе, Савиньо Манчестер клубы тарихындағы ең қымбат сатылған футболшы атанады.

Савиньо «Манчестер Ситиге» 2024 жылдың жазында «Жиронадағы» маусымынан кейін қосылған. Екі жыл ішінде бразилиялық барлық турнирде 84 матч өткізіп, жеті гол соқты және 16 нәтижелі пас берді.

Вингер командасымен бірге Англия кубогы мен Англия лигасы кубогын жеңіп алды.