«Вильярреал» канадалық Салибаны трансферлеуге келісті

Бекарыс Әлімхан··
«Андерлехт» ФК

«Андерлехт» ФК

«Вильярреал» «Андерлехтпен» Канада құрамасының жартылай қорғаушысы Натан Салибаны 15 миллион еуроға трансферлеу туралы келісімге келді.

Фабрицио Романоның мәліметінше, 22 жастағы футболшы медициналық тексеруден өтіп, келісімшартқа қол қою үшін Испанияға аттанады.

Салиба бельгиялық клубқа 2025 жылдың жазында «Монреальдан» ауысқан. Бельгиядағы мансабында жартылай қорғаушы барлық турнирде 50 матч өткізіп, бес гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Жазда Салиба Канада құрамасының сапында 2026 жылғы әлем чемпионатында үш матчқа қатысты. Ол Катар құрамасына гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Канада құрамасы 1/8 финалға дейін жетті.

Айта кетейік, Салиба «Вильярреал» сапындағы үшінші канадалық футболшы атануы мүмкін. Испаниялық клубта қазірдің өзінде Тейджон Бьюкенен мен Тани Олувасейи өнер көрсетеді.

«Вильярреал» канадалық Салибаны трансферлеуге келісті – sport-hub