«Сандерленд» «Барселона» жартылай қорғаушысы үшін күреске қосылды

«Барселона» ФК
Англияның «Сандерленд» клубы «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Марк Касадоға қызығушылық танытып отыр.
Mundo Deportivo мәліметінше, 22 жастағы испаниялық футболшы каталондық клубтың бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің жоспарына кірмейді және соңғы апталарда командадан бөлек жаттығып жүр. Футболшыға жаңа клуб іздеумен оның агенті Жорже Мендеш айналысуда.
Касадо Сауд Арабиясынан түскен ұсыныстарға қарамастан, еуропалық футболда қалғысы келеді. Бұған дейін жартылай қорғаушыға «Ноттингем Форест» қызығушылық танытқан болатын. Енді оған «Сандерленд» те таласқа қосылды. «Барселона» өз тәрбиеленушісін 40 млн еуроға бағалап отыр.
Касадо «Барселонаның» түлегі. Ол 2016 жылдан бері клуб жүйесінде. Өткен маусымда футболшы команда сапында 33 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.