«Тоттенхэм» Конференциялар лигасының жеңімпазын қатарға қосты

Бекарыс Әлімхан··
«Тоттенхэм» ФК

«Тоттенхэм» ФК

Англиялық орталық қорғаушы Тосин Адарабиойо «Челсиден» «Тоттенхэмге» ауысты.

БАҚ мәліметінше, 28 жастағы футболшының трансфер құны шамамен 7 млн фунт стерлингті құраған. Жаңа клубында қорғаушы 4-нөмірмен өнер көрсетеді.

Адарабиойо «Челсидің» сапында 2024 жылдың шілдесінен бері ойнады. Екі маусымда барлық турнирлерде 70 матчқа қатысып, 7 гол соқты. Лондондық клубпен бірге ол Конференциялар лигасын және Клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Адарабиойо — «Манчестер Ситидің» түлегі. Ол жалға алу негізінде «Вест Бромвич» пен «Блэкберн» клубтарында өнер көрсеткен. Кейін «Фулхэм» сапына ауысты.