«Бетис» Чемпиондар лигасының үш дүркін жеңімпазын қатарға қосты

«Реал Мадрид» ФК
Мадридтік «Реалдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Дани Себальос кәсіби мансабын өзінің туған клубы «Бетисте» жалғастырады.
Севильялық клуб 30 жастағы футболшының командаға оралғанын ресми түрде жариялады. Келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Себальос «Бетиске» еркін агент ретінде қосылды. Маусым айында ол «Реалмен» келісімшартын тараптардың өзара келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзған еді.
Жартылай қорғаушы — «Бетистің» түлегі. Ол негізгі команда сапындағы дебютін 2014 жылы өткізіп, клубқа Сегунаны жеңіп, жоғары дивизионға оралуға көмектесті. 2017 жылдың жазында Себальос «Реалға» ауысты.
Мадридтік команда сапында испаниялық футболшы 215 матч өткізіп, 16 трофей жеңіп алды. Олардың қатарында үш Чемпиондар лигасы, төрт Клубтар арасындағы әлем чемпионаты, үш УЕФА Суперкубогы, Испанияның екі чемпиондығы, Испания кубогы және үш Испания Суперкубогы бар.
Сондай-ақ 2019-2021 жылдар аралығында Себальос Лондонның «Арсенал» клубында жалға алу негізінде өнер көрсетті. Ағылшын командасымен бірге ол Англия кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.