Қазақстан Сербиядағы УЕФА жасөспірімдер турниріне қатысатын құрамын жариялады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ҚФФ

Фото: ҚФФ

Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Сербияда өтетін УЕФА Даму турниріне қатысады.

Жарыс 13-19 қыркүйек аралығында Стара-Пазова қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары — Түркия, Сербия және Ресей құрамалары. Қазақстандық футболшылар алғашқы матчын 14 қыркүйекте Түркияға қарсы өткізеді. Екі күннен кейін команда турнир қожайыны Сербиямен кездессе, 19 қыркүйекте Ресей құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан құрамына 26 футболшы шақырылды.

Қақпашылар: Кирилл Писарев («Оқжетпес»), Даниил Маракшин («Қайрат»), Артур Аникеев («Родина», Ресей).

Қорғаушылар: Аслан Абдуғани, Нұрали Сағындық, Занғар Әлпісбаев, Нұрасыл Айдос (барлығы — «Атлетико Қазақстан» академиясы), Мадияр Надир, Максим Тян (екеуі де — «Қайрат»), Емел Ибрагим («Ордабасы»), Тимофей Афельченко («Ертіс»), Ұлан Қорғанбай («Жас Қыран»).

Жартылай қорғаушылар: Мирон Ищенко, Расул Самаев, Ислам Алшынбаев, Арман Батырхан, Абрахим Аманғалиев (барлығы — «Атлетико Қазақстан» академиясы), Диас Әбубәкір, Артем Тян (екеуі де — «Қайрат»), Ғабидолла Оразалы («Валенсия», Испания), Әлижан Әміртаев («Тобыл»), Мерали Әлібекұлы («Ордабасы»), Арнұр Батырай («Шахтер»).

Шабуылшылар: Ахмет Туран Жошкун («Атлетико Қазақстан» академиясы), Милан Надрышин («Ақтөбе»), Абылай Тұрсын («Қайрат»).

Команданың аға жаттықтырушысы — Ануар Жағыппар. Оның жаттықтырушылар штабына Юрий Мархель, Жеңіс Арыстан және қақпашылар жаттықтырушысы Алексей Булучевский кірді.