«Байер» «Наполи» қорғаушысын қатарға қосты

Бекарыс Әлімхан··
«Байер»

«Байер»

Леверкузеннің «Байер» клубы испаниялық қорғаушы Мигель Гутьеррестің «Наполиден» ауысқанын ресми түрде жариялады. Футболшымен жасалған келісімшарт 2031 жылдың жазына дейін есептелген.

Гутьеррес — мадридтік «Реалдың» академия түлегі. 2025 жылдың жазында ол «Жиронадан» «Наполиге» ауысып, қысқа уақыт ішінде негізгі құрам ойыншысына айналды. Өткен маусымда неаполитандық клуб Италия чемпионатында екінші орын алды.

Өткен маусымда испаниялық қорғаушы барлық турнирде 33 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

«Байер» «Наполи» қорғаушысын қатарға қосты – sport-hub