Мусса Диаби «Интер» мен «Байердің» трансферлік нысанасына айналды

Бегасыл Амирбай ··
«Аль-Иттихад» ФК

«Аль-Иттихад» ФК

«Интер» мен «Байер» «Аль-Иттихад» клубының вингері Мусса Диабиді өз қатарына қосу үшін таласқа түсті.

Foot Mercato мәліметінше, миландық клуб пен леверкузендік «Байер» 27 жастағы француз ойыншысы үшін шамамен 20 миллион еуро ұсынған. Алайда «Аль-Иттихад» бұл ұсыныстардан бас тартып, команданың негізгі ойыншыларының бірі үшін бұдан да жоғары баға алуды көздеп отыр. Қазіргі таңда тараптар арасындағы келіссөздер жалғасуда.

Айта кетейік, бұған дейін Диаби «Сандерлендке» ауысуға жақын болған, алайда Англияда жұмыс істеуге рұқсат ала алмағандықтан трансфер жүзеге аспады. Сонымен қатар француз вингеріне португалиялық «Бенфика» да қызығушылық танытып отыр.

Өткен маусымда Диаби барлық турнирде 38 матч өткізіп, 13 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.

Мусса Диаби «Интер» мен «Байердің» трансферлік нысанасына айналды – sport-hub