«Бавария» жұлдызы «Атлетикке» ауысуға жақын
Бөлісу

«Бавария» ФК
Испанияның «Атлетик» клубы «Бавария» қорғаушысы Альфонсо Дэвисті сатып алуға жақын. Баск командасы футболшымен болашақ келісімшарт талаптарын келісіп қойған.
Роберто Диагоның мәліметінше, «Атлетик» басшылығы 25 жастағы канадалық ойыншының трансферін қарастырып отыр. Клуб пен футболшы арасында алдын ала келісімге қол жеткізілген.
Айта кетейік, футболшының шығу тегін зерттеу барысында клуб Дэвистің ата-бабалары арасында XII ғасырда өмір сүрген басктер болғанын анықтаған. Бұл жағдай оған баск тамыры бар ойыншыларды дәстүрлі түрде шақыратын «Атлетиктің» философиясына сәйкес келуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, өткен маусымда қорғаушы барлық турнирде 23 матч өткізіп, бір гол соқты және бес нәтижелі пас берді.