«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы «Ноттингем Форесттің» трансферлік тізіміне енді
Бөлісу

«Манчестер Сити» ФК
«Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Тейани Рейндерс «Ноттингем Форесттің» қызығушылық танытып отырған ойыншыларының қатарына енді.
Daily Mail басылымының мәліметінше, нидерландтық футболшы «Ноттингем Форесттің» трансферлік қысқа тізіміне енгізілген. «Орманшылар» оны сатып алу үшін шамамен 65 миллион еуро ұсынуға дайын. Бұған дейін Рейндерске «Ньюкасл» клубы да қызығушылық танытқан болатын.
Өткен маусымда 28 жастағы Рейндерс барлық турнирде 47 матч өткізіп, жеті гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Футболшының «Манчестер Ситимен» жасалған қазіргі келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін күшінде.