«Баварияның» 18 жастағы таланты Германия құрамасының ӘЧ-2026 турниріне арналған тізіміне енді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FotMob

Фото: FotMob

«Баварияның» 18 жастағы жартылай қорғаушысы Леннарт Карл 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Германия құрамасына шақырту алды.

Журналист Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, ұлттық құраманың бас бапкері Юлиан Нагельсман футболшыға қорытынды тізімге енгенін жеке өзі хабарлаған. Карл үшін бұл Германияның негізгі құрамасына алғашқы шақырту болды.

2025/26 маусымында жас вингер «Бавария» сапында барлық турнирде 39 матч өткізіп, тоғыз гол соқты және сегіз нәтижелі пас берді.

Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Топтық кезеңде Германия құрамасы Кюрасао, Кот-д’Ивуар және Эквадормен кездеседі.