Бернарду Силва мансабын «Атлетикода» жалғастыруы мүмкін

Фото: Getty Images
«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва маусым аяқталғаннан кейін мадридтік «Атлетиконың» ойыншысы атануы мүмкін.
Sky Sports News мәліметінше, 31 жастағы португалиялық футболшы осы жазда келісімшарты аяқталған соң ағылшын клубынан кетеді.
Футболшыға «Барселона», «Ювентус», MLS клубтары мен Сауд Арабиясының командалары да қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, ақпарат бойынша Силваның өзі дәл қазір каталониялық клубқа ауысуды қалайды.
Бұған дейін «Ситидің» бас бапкерінің көмекшісі Пеп Лейндерс португалиялықтың кететінін растаған болатын. «Атлетикода» Силваның тәжірибесі мен әмбебаптығына сенім артып отыр. Португалиялық жартылай қорғаныс пен шабуылдағы бірнеше позицияда ойнай алады, бұл Диего Симеоне командасының талаптарына сай келеді.
Бернарду «Манчестер Сити» сапында тоғыз маусым өткізіп, Хосеп Гвардиола командасындағы көшбасшының біріне айналды. «Қалалықтармен» бірге ол алты рет Англия Премьер-лигасын жеңіп, Чемпиондар лигасының да жеңімпазы атанды.