Унаи Эмери Еуропа лигасындағы бесінші трофейіне қатысты пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Астон Вилланың» бас бапкері Унаи Эмери Еуропа лигасының финалында германиялық «Фрайбургті» 3:0 есебімен жеңгеннен кейін өз ойын айтты.

Матчтан соң испаниялық маман Еуропадағы маңызы жағынан екінші турнирдегі бесінші титулына қатысты пікір білдірді.

«Мен өзімді бұл турнирдің королі ретінде сезінбеймін. Өзімді шын мәнінде бәріне разы адам ретінде сезінемін. Біз бәріміз бірге — корольміз. Жеңіске жету өте қиын мәселе, ал финалда жақсы ойын көрсету одан да қиын. “Фрайбург” финалда ойнауға лайық болды. Бұл — мықты бапкері бар өте күшті команда. Еуропадағы бәсекеге құрметпен қарау керек, себебі бәсекелестік деңгейі өте жоғары», — деді Эмери.

«Астон Вилла» үшін бұл трофей клуб тарихындағы алғашқы Еуропа Лигасындағы жеңіс болды.

Бұған дейін Эмери турнирді «Севильямен» үш рет, ал «Вильярреалмен» бір рет жеңіп алған еді. Ағылшын клубымен бірге жеткен жеңіс оның бапкерлік мансабындағы Еуропа лигасының бесінші титулы атанды.

Унаи Эмери Еуропа лигасындағы бесінші трофейіне қатысты пікір білдірді – sport-hub