Қазақстан құрамасының соккадан Еуропа чемпионатындағы Португалияны жеңген матчына бейнешолу
Бөлісу

Қазақстан құрамасы Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан соккадан Еуропа чемпионатын жеңіспен бастады.
Топтық кезеңнің алғашқы турында қазақстандық команда Португалия құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голдың авторы Александр Сергешев атанды. 39-минутта ол Португалия қақпашысы тойтарған допқа бірінші жетіп, Қазақстан пайдасына жеңіс голын соқты.
Осы ойыннан кейін Қазақстан құрамасы үш ұпаймен G тобында екінші орынға көтерілді. Келесі матчта қазақстандықтар 21 мамыр күні Латвия құрамасымен кездеседі. Одан кейін команда Украинаға қарсы ойнайды.
Еске салайық, сокка — бұл 6×6 форматындағы футбол. Матчтар шағын алаңда өтіп, әрқайсысы 20 минуттан тұратын екі таймнан құралады.
Матчқа бейнешолу: