Бибарыс Әшірбай Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Аружан Талгат··
ҚБФ

ҚБФ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Бибарыс Әшірбай Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда қазақстандық боксшы Үндістан өкілі Прашантпен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша Әшірбай төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіске жетіп, құрлық біріншілігінің ширек финалына жолдама алды.

Осылайша, Бибарыс турнирдің жүлделері үшін күресін жалғастыруда, ал оның қарсыласы жарысты аяқтады.

Бибарыс Әшірбай Азия чемпионатының ширек финалына шықты – sport-hub