Басты бет
·
Бокс

Бибарыс Әшірбай бокстан Азия чемпионы атанды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Бибарыс жапониялық Кунимицу Хондзёмен кездесті. Қазақстандық боксшы жекпе-жекті толық бақылауында ұстап, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Айта кетейік, Бибарыс Әшірбай бұған дейін Бангкокта өткен Futures Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы атанып, 2025 жылғы 19 жасқа дейінгі Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында жеті алтын, бес күміс және үш қола медаль бар. 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеде аяқталады.