Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде үшінші орын алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@BrezinaJohn

Фото: x_@BrezinaJohn

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-та өткен Cairns Cup 2026 халықаралық турнирінде 5 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Турнирдің қорытынды, тоғызыншы турында Асаубаева ақ фигуралармен үндістандық гроссмейстер Конеру Хампиге қарсы ойнады. Қарсыластар партияны тең аяқтап, қазақстандық шахматшы турнирді 5 ұпаймен тәмамдады.

Дәл осындай нәтижені америкалық Карисса Ип те көрсетті. Қорытынды кестеде Асаубаева мен Ип үшінші орынды бөлісіп, әрқайсысы 35 мың доллардан жүлде алды.

Жарыстың жеңімпазы 6,5 ұпай жинаған қытайлық Тань Чжунъи атанды. Бірінші орын үшін ол 65 мың доллар сыйақы алды. Екінші орынға 6 ұпаймен америкалық Элис Ли жайғасты, оның жүлдесі 50 мың долларды құрады.

Cairns Cup турнирі он шахматшы қатысқан айналмалы жүйе бойынша өтті. Жарыстың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрады.

Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде үшінші орын алды – sport-hub