Бибісара Асаубаева Норвегиядағы турнирді жеңіспен бастады
Бөлісу

Фото: Norway Chess
Қазақстан құрамасының шахматшысы Бибісара Асаубаева Norway Chess 2026 турниріндегі алғашқы партиясында жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы қара тастарымен үндістандық гроссмейстер Хампи Конерумен кездесіп, партияны өз пайдасына 1:0 есебімен аяқтады. Екінші турда Асаубаева Қытай өкілі Чжу Цзиньэрмен ойнайды.
Norway Chess 2026 турнирі Норвегияда 25 мамыр мен 6 маусым аралығында өтіп жатыр. Жарыстың жүлде қоры 182 мың долларды құрайды.
Бибісара Асаубаева — блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер және Қазақстандағы үздік шахматшылардың бірі.