«Бізді тоқтатып көрсін». Де ла Фуэнте Испанияның жеңісінен кейін батыл мәлімдеме жасады

Фото: Getty Images
Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жорығын жалғастырады.
1/8 финалдағы тартысты кездесуде испаниялықтар Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс голы екінші таймға қосылған қосымша уақытта соғылды.
Матчтың басты қаһарманы жартылай қорғаушы Микель Мерино болды. Ол 91-минутта оңтайлы сәтті пайдаланып, қарсылас қақпасын дәл көздеп, Испания құрамасына ширек финалдың жолдамасын сыйлады.
Ойын аяқталғаннан кейін Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте командасының өз күшіне толық сенетінін және соңғы секундқа дейін жеңіс үшін күресуге дайын екенін айтты.
«Біз өзімізге және өз күшімізге толық сенеміз. Соңына дейін барымызды саламыз. Қарсыластар бізді өз алаңында ғана тоқтата алады. Біздің артықшылықтарымыз жеткілікті, сондықтан қарсыластарымыз да мұны жақсы түсінеді деп ойлаймын», – деді Испания құрамасының бас бапкері.
Айта кетейік, ширек финалда Испания құрамасы Бельгиямен кездеседі. Бельгиялықтар 1/8 финалда АҚШ-ты 4:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын.