«Боруссия» мен «Реал Сосьедад» «Барселонаның» қорғаушысына қызығушылық танытып отыр

Бекарыс Әлімхан··
«Барселона» ФК

«Барселона» ФК

«Барселонаның» оң қапталдағы қорғаушысы Эктор Форт Дортмундтың «Боруссиясы» мен «Реал Сосьедад» клубтарының қызығушылығына ілікті.

Журналист Жерар Ромероның мәліметінше, «Боруссия» бұған дейін Фортты қатарға қосу мүмкіндігін қарастырған. Алайда трансферді жүзеге асыру үшін дортмундтық клуб бірнеше ойыншысын сатып, құрамда орын босатуы қажет.

«Реал Сосьедад» та 20 жастағы испаниялық футболшыны қорғаныстың оң қанатын күшейту үшін қарастырып отыр. Баск клубы Альваро Одриосоланың жарақаттан кейін қалпына келуіне байланысты бұл позицияға ойыншы қажет.

«Барселонаның» түлегі өткен маусымды «Эльче» сапында жалға өткізіп, 17 матчқа қатысқан. Ол үш гол соғып, екі нәтижелі пас берген.