Бразилия – Норвегия матчының үздік ойыншысы аталды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилияға қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды.

«Манчестер Сити» клубының форварды 79 және 90-минуттарда дубль жасап, Норвегия құрамасына 2:1 есебімен жеңіс сыйлады. Осы жеңістің арқасында норвегиялықтар әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алып, онда Англия құрамасымен кездеседі. Матч 12 шілде күні өтіп, Қазақстан уақыты бойынша сағат 02:00-де басталады.

Еске салайық, бұған дейін топтық кезеңде Норвегия құрамасы I тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыққан болатын. Ал Англия L тобында бірінші орын иеленді. 1/16 финалда ағылшындар Конго ДР құрамасын 2:1 есебімен жеңсе, норвегиялықтар Кот-д’Ивуарды дәл осындай есеппен ұтты.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

Бразилия – Норвегия матчының үздік ойыншысы аталды – sport-hub