Бруннердің дублі «Монаконы» Лига 1-де бірінші орынға шығарды
Бөлісу

«Монако» ФК
«Монако» өз алаңында Лига 1 чемпионатының екінші турында «Марсельді» 2:0 есебімен жеңді.
«Монако» 13-минутта есеп ашты. Александр Головин оң қапталдан допты айып алаңына асырғаннан кейін Парис Бруннер баспен соғып, қонақтардың қақпасына гол салды. 53-минутта неміс шабуылшысы дубль жасап, матчтың қорытынды есебін белгіледі. Бұл оның Франция чемпионатындағы алғашқы голдары болды.
Екі турдан кейін «Монако» алты ұпай жинап, Лига 1 турнирлік кестесін бастап тұр. Ал «Марсель» үш ұпаймен сегізінші орында келеді.
Келесі турда монегасктер 4 қыркүйекте сырт алаңда ПСЖ-мен кездеседі. Ал «Марсель» 6 қыркүйекте «Парижді» өз алаңында қабылдайды.