«Наполи» өз алаңында «Комодан» жеңіліп қалды

«Комо» ФК
«Комо» А сериясының екінші турында «Наполиді» жеңді. Матч Сеск Фабрегас шәкірттерінің 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Қонақтар 17-минутта есеп ашты: Мартин Батуринаға нәтижелі пас берген — Ассан Диао. Арада 13 минут өткенде Расмус Хойлунд есепті теңестірді. Алайда көп ұзамай Анастасиос Дувикас «Комоны» қайтадан алға шығарды. Матч соңында Станислав Лоботка қонақтардың қақпасына гол соққанымен, төреші офсайдқа байланысты голды есептемеді.
«Комо» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, төрт ұпай жинады. Ал «Наполидің» еншісінде үш ұпай бар. Екінші турдан кейін Фабрегас командасы А сериясының турнирлік кестесінде алтыншы орында, ал неапольдықтар 11-сатыда орналасқан.
Келесі турда «Комо» 4 қыркүйекте сырт алаңда «Дженоамен» ойнайды. Ал «Наполи» келесі күні қонақта «Интерге» қарсы кездеседі.
Айта кетейік, екі команда да Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетеді. «Наполи» турнирдегі алғашқы матчын 10 қыркүйекте өз алаңында «Арсеналға» қарсы өткізсе, «Комо» 11 қыркүйекте «РБ Лейпцигті» қабылдайды.