Бублик пен Шевченко Уимблдон алдындағы ATP рейтингіндегі орындарын білді

Фото: ATP
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстан өкілдері арасында көшбасшы болып Александр Бублик қала берді.
ATP рейтингінің алғашқы бестігі өзгеріссіз қалды. Көш басында италиялық Янник Синнер тұр, екінші орында испаниялық Карлос Алькарас, үшінші сатыда германиялық Александр Зверев орналасқан. Төртінші және бесінші орындарды тиісінше канадалық Феликс Оже-Альяссим мен америкалық Бен Шелтон иеленеді.
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик 11-орнын сақтап қалды. Оның еншісінде 2620 рейтингтік ұпай бар.
Басқа қазақстандықтарға келсек, Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 99-орынға түсті. Тимофей Скатов алты орынға көтеріліп, 172-орында тұр. Бейбіт Жукаев үш сатыға жоғарылап, 316-орынды иеленді. Денис Евсеев он орынға көтеріліп, 447-орынға жайғасты. Дмитрий Попко бірден 23 сатыға жоғарылап, 652-орынға көтерілді. Әмір Омарханов бір орынға төмендеп (637-орын), ал Григорий Ломакин бір сатыға көтеріліп, 898-орында тұр.
Айта кетейік, 29 маусымда Уимблдон-2026 турнирі басталады. Александр Шевченко алғашқы айналымда канадалық Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі, ал Александр Бублик австралиялық Танаси Коккинакиске қарсы матчпен жарысты бастайды.