Бублик Швейцариядағы турнирдегі өнерін аяқтады

Фото: Getty Images
Александр Бублик Швейцарияда өткен ATP турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол екінші айналымда франциялық Кентен Алисқа есе жіберді.
Кездесу алғашқы ойын күні толық аяқталмай қалды. Мәжбүрлі үзіліске байланысты теннисшілер матчты турнир қайта жалғасқаннан кейін жалғастырып, соңына дейін ойнады.
Сет алмасқаннан кейін келесі кезеңге жолдама үшінші партияның тай-брейкінде шешілді. Тартысты аяқталымда Франция өкілі басым түсіп, 6:7, 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
2 сағат 23 минутқа созылған ойында Бублик 13 эйс жасап, алты қос қателікке жол берді және өз геймін небәрі бір рет қана ұтылдырып алды.
Осылайша, Александр турнирдегі өнерін аяқтады, ал Кентен Алис ширек финалда Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченкомен кездеседі.