Бублик жаңартылған ATP рейтингінде 17-орынға түсті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@atptour

Фото: x_@atptour

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингте 17-орынға төмендеді. Оның еншісінде 2435 ұпай бар.

Жаңартылған ATP рейтингінде италиялық Янник Синнер көшбасшылығын сақтап қалды. Оның қоржынында 11 500 ұпай бар. Екінші орында германиялық Александр Зверев (9690), ал үздік үштікті испаниялық Карлос Алькарас (5560) түйіндейді.

Бублик US Open-2026 турнирінде үшінші айналымға дейін жетіп, онда америкалық Томми Полға бес сетте жол берді.

Қазақстанның басқа теннисшілері арасында Александр Шевченко 655 ұпаймен 93-орында тұр. Тимофей Скатов 280 ұпаймен 198-сатыда. Денис Евсеев – 416-орында (116), Бейбит Жұқаев – 492-орында (91), Амир Омарханов 62 ұпаймен 604-орында келеді. Дмитрий Попко 54 ұпаймен 651-орында болса, Григорий Ломакин 29 ұпаймен 879-сатыда орналасқан.

Еске салайық, Бублик биыл қаңтарда Гонконгтегі турнирде жеңіске жеткеннен кейін алғаш рет ATP рейтингінің үздік ондығына кірді. Ол Қазақстан тарихында ATP-нің жекелей сындағы үздік ондығына енген алғашқы теннисші атанды.