Шевченконың US Open турнирінің алғашқы айналымындағы бес сетке созылған ойынына шолу

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@atptour

Фото: x_@atptour

Әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко US Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында хорватиялық Дино Прижмичке (ATP рейтингі бойынша 101-орын) бес сетте есе жіберді.

Прижмич 2:6, 6:3, 6:3, 5:7, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Матч 3 сағат 54 минутқа созылды.

Шевченко бірінші сетте жеңіске жеткенімен, кейінгі екі партияда қарсыласына жол берді. Төртінші сетте Прижмич матчқа жеңіс үшін доп берген сәтте қазақстандық теннисші брейк жасап, кездесуді шешуші партияға жеткізді. Бесінші сетте Шевченконың екі матчболы болды, алайда хорватиялық теннисші екеуін де қайтарып, матчты жеңіспен аяқтады.

Қазақстандық теннисші 14 эйс жасап, жеті рет қосарланған қателік жіберді және 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Ал Прижмич сегіз рет эйс жасап, тоғыз қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының добын беру кезіндегі 13 мүмкіндіктің жетеуін брейкке айналдырды.

21 жастағы Прижмич үшін бұл US Open турнирінің негізгі кезеңіндегі алғашқы жеңіс болды. 2025 жылы хорватиялық теннисші іріктеу кезеңінен өтіп, бірінші айналымда Андрей Рублёвке жол берген еді.

Прижмичтің келесі қарсыласы Коулман Вонгты 6:7 (3:7), 6:1, 6:3, 6:3 есебімен жеңген америкалық Томми Пол болады.

US Open турнирінің қазіргі чемпионы — 2025 жылғы финалда Янник Синнерді жеңген Карлос Алькарас. Биылғы жарыс 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.