Навоне камбэк жасап, Джоковичті US Open-2026 турнирінен шығарып жіберді

Әлемнің 49-ракеткасы Мариано Навоне US Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін чемпионы Новак Джоковичті жеңді.
Аргентиналық теннисші әлемнің бесінші ракеткасын 7:6 (7:5), 5:7, 4:6, 6:2, 6:1 есебімен ұтты. Кездесу 4 сағат 36 минутқа созылды.
Навоне бірінші сетте тай-брейкте жеңіске жетті. Одан кейін Джокович қатарынан екі партияны өз пайдасына аяқтады. Төртінші сетте сербиялық теннисші брейк жасап, алға шыққанымен, кейін қатарынан бес геймде жеңіліп қалды. Ал шешуші партияда аргентиналық қарсыласына бір ғана гейм берді.
Джокович 10 эйс жасап, 10 рет қосарланған қателік жіберді және 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Навоне тоғыз рет эйс жасап, сегіз қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының добын беру кезіндегі 17 мүмкіндіктің алтауын брейкке айналдырды.
Екінші айналымда аргентиналық теннисші Маттео Берреттини – Стэн Вавринка арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
US Open турнирінің қазіргі чемпионы — 2025 жылғы финалда Янник Синнерді жеңген Карлос Алькарас. Биылғы жарыс 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.