Чед Джонсон Сон Хын Минмен туыстығы бар екенін мәлімдеді

Фото: Stephen Dunn/Getty Images
NFL лигасының бұрынғы жұлдызы Чед «Очосинко» Джонсон оңтүстіккореялық футболшы Сон Хын Минмен туыстық байланысы бар екенін айтты. Америкалықтың сөзінше, олар алыс туыстар болып табылады.
Джонсон Сон Хын Минмен кездесіп, олардың туыстығы арнайы генеалогиялық Ancestry сервисі арқылы расталғанын жеткізді. Айтуынша, олар бесінші немесе алтыншы буын бойынша туыс келеді.
«Бүгін менің өмірімдегі ең ерекше сәттердің бірі болды – мен тек сүйікті футболшыларымның бірімен ғана емес, өз туысыммен де кездестім. Көп адам сенбеуі мүмкін, бірақ бұл ақпарат Ancestry-дегі генеалогиялық ағаш арқылы дәлелденді», – деп жазды Джонсон.
Чед Джонсон NFL-де 2001-2011 жылдар аралығында өнер көрсетіп, мансабының басым бөлігін «Цинциннати Бенгалс» сапында өткізді. Сондай-ақ «Нью-Ингленд Пэтриотс» клубында ойнады. Ол алты рет Pro Bowl-ға қатысып, үш мәрте All-Pro бірінші құрамына енген.
Ал Сон Хын Мин қазіргі таңда MLS лигасында «Лос-Анджелес Гэлакси» клубының намысын қорғайды. Бұған дейін ол Оңтүстік Кореяда, Германияда («Гамбург», «Байер») және Англияда «Тоттенхэм» сапында ойнап, 2024/25 маусымында Лига конференциясын жеңіп, алғашқы клубтық трофейін иеленген.