«Челси» Дастан Сәтпаевты ресми түрде таныстырды

Бекарыс Әлімхан··
«Челси» ФК

«Челси» ФК

Лондондық «Челси» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевты жазғы трансферлік науқан қорытындысы бойынша команданың жаңа ойыншылары қатарында таныстырды.

Ағылшын клубы 18 жастағы қазақстандық футболшыны жазда жүзеге асқан трансферлер туралы ресми шолуға енгізді. Сәтпаевпен бірге тізімге Валентин Барко, Пеп Чаваррия, Джордан Хендерсон, Максанс Лакруа, Марко Палестра, Джованни Кенда, Морган Роджерс, Дэнни Уэлбек, Харрисон Беттони және Алфи Осборн кірді.

Еске салайық, Сәтпаев кәмелеттік жасқа толғаннан кейін «Челсидің» ресми ойыншысы атанып, 2033 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойған. Шабуылшы 2026/2027 маусымын Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернли» сапында жалға алу негізінде өткізеді.

Жалға берілмес бұрын «Қайрат» академиясының түлегі лондондық клубтың Аустралия мен Азиядағы маусым алдындағы турына қатысты. Ол төрт жолдастық кездесуде ойнап, «Уэстерн Сидней Уондерерс» қақпасына бір гол соқты.

«Челси» Дастан Сәтпаевты ресми түрде таныстырды – sport-hub