«Челси» Делаппен бір жылдан кейін қоштасуға дайын

Бекарыс Әлімхан··
«Челси» ФК

«Челси» ФК

Лондондық «Челси» 23 жастағы шабуылшы Лиам Делаптың трансферіне қатысты ұсыныстарды оның «Ипсвичтен» ауысқанына бір жыл өтпей жатып қарастыруға дайын.

Журналист Сэм Табутоның мәліметінше, лондондық клуб шабуылшының трансферлік құнын 58,5 млн еуроға бағалап отыр. Ағылшын футболшысына «Эвертон» мен «Ноттингем Форест» қызығушылық танытуда. Делаптың «Челсимен» келісімшарты 2031 жылдың жазына дейін есептелген.

«Челси» Делапты 2025 жылдың жазында «Ипсвичтен» 35,5 млн еуроға сатып алған. Өткен маусымда шабуылшы барлық турнирде 41 матч өткізіп, екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.