«Челси» «Райо Вальеканодан» қорғаушы сатып алды
Бөлісу

«Челси» ФК
Лондондық «Челси» 28 жастағы қорғаушы Пеп Чаваррияның «Райо Вальеканодан» ауысқанын ресми түрде жариялады.
AS мәліметінше, «Челси» испаниялық футболшы үшін бонустарды қоса есептегенде шамамен 22 миллион еуро төлейді. Бұл трансфер «Райо Вальекано» тарихындағы футболшы сатылымынан түскен ең ірі қаржы болды.
Чаваррия өткен маусымда мадридтік клуб сапында барлық турнирде 44 матч өткізіп, 1 гол және 3 нәтижелі пас тіркеді.
Қорғаушы «Райо Вальекано» сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Бұған дейін ол «Сарагоса», «Олот» және Испанияның төменгі дивизиондарындағы бірнеше клубтың намысын қорғаған.