«Челси» 16 жастағы талант үшін 3 миллион еуро төлейді

Бекарыс Әлімхан··
«Лос-Анджелес Гэлакси» ФК

«Лос-Анджелес Гэлакси» ФК

«Челси» «Лос-Анджелес Гэлакси» клубының 16 жастағы жартылай қорғаушысы Висенте Гарсияны трансферлеуге жақын. Лондондық клуб жас футболшы үшін шамамен 3 миллион еуро төлейді.

The Athletic басылымының мәліметінше, тараптар келісімнің шарттарын әлдеқашан келіскен. Гарсия кәмелет жасына толғаннан кейін, яғни 2028 жылдың жазында ғана «Челсиге» қосыла алады. Оған дейін ол АҚШ-та қала береді.

Трансфер құны 3 миллион еуроны құрайды. Сонымен қатар келісімшартта футболшының өнер көрсетуіне байланысты қосымша төлемдер қарастырылған.

Гарсия «Лос-Анджелес Гэлакси» сапында алғашқы кәсіби келісімшартына 2025 жылдың қаңтарында қол қойған. Ол кезде футболшы небәрі 14 жас 198 күндік болған. Осылайша, Гарсия MLS тарихындағы кәсіби келісімшартқа қол қойған ең жас ойыншылардың бестігіне енді.

Биыл тамыз айында жартылай қорғаушы алғаш рет «Лос-Анджелес Гэлакси» командасының «Далласқа» қарсы матчқа арналған өтініміне енгізілді.

Қазіргі маусымда Гарсия клубтың фарм-командасы «Вентура Каунти» сапында өнер көрсетіп жүр. Ол 16 матчта 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.