Чжэн Циньвэнь Бейжіңдегі WTA-1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: Jimmie48
Қытайлық теннисші Чжэн Циньвэнь (WTA рейтингінде 54-орын) Бейжіңде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Ол ширек финалда украиналық Элина Свитолинаны жеңді.
Кездесу 6:3, 7:6 (8:6) есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 47 минут өткізді.
Матч барысында Чжэн Циньвэнь алты эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ брейк-пойнттардың 11 мүмкіндігінің төртеуін пайдаланды. Ал Свитолина жеті эйс орындап, екі рет қос қателік жіберді және қарсыласының доп беруіндегі екі мүмкіндіктің екеуін де сәтті пайдаланды.
Қытайлық теннисші бұл турнирде бесінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол Хань Ши, Анна Калинская, Мария Боузкова және Алина Чараеваны жеңген еді. Калинская үшінші сетте 0:3 есебімен жеңіліп жатқанда матчты жалғастырудан бас тартты.
Жартылай финалда Чжэн Циньвэнь бельгиялық Элисе Мертенс пен польшалық Ига Швёнтек арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.