Басты бет
·
Теннис

Ухандағы WTA-1000 турниріне 11 теннисші қатыспайды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Уханда өтетін WTA-1000 турнирінің негізгі жеребесі тартылмай тұрып, бұған дейін қатысуға өтінім берген 11 теннисші жарыстан бас тартты. Турнир 12-18 қазан аралығында өтеді.

Тізімге Елена Рыбакина, Кори Гауфф, Аманда Анисимова, Виктория Мбоко, Наоми Осака, Мэдисон Киз, Эмма Наварро, Анастасия Потапова, Хейли Баптист, Барбора Крейчикова және Каролина Плишкова енді. Олардың орнына негізгі жеребеге басқа теннисшілер қосылады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина аяқ жарақатына байланысты турнирге қатыспайды. Қазақстандық теннисші соңғы айларда жарақатпен күресіп жүр. Бұған дейін Цинциннатиде өткен турнирдің ширек финалындағы кездесуін де мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болған. Уханьдағы жарыстан бас тартқаннан кейін Рыбакина Нинбода өтетін WTA-500 турнирінде кортқа оралуды жоспарлап отыр.

Wuhan Open биылғы маусымдағы WTA-1000 санатындағы соңғы турнир болады. Жарыс хард төсенішінде өтеді. Жалпы жүлде қоры 4 088 211 долларды құрайды. Жекелей сында жеңімпаз атанған теннисші 665 мың доллар мен рейтингтік 1000 ұпайға ие болады.

Ухандағы WTA-1000 турниріне 11 теннисші қатыспайды – sport-hub