Дан Глазер «Қайраттан» кетіп, Тель-Авивтің «Маккабиіне» ауысты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Қайрат» ФК

Фото: «Қайрат» ФК

Алматылық «Қайрат» 29 жастағы жартылай қорғаушы Дан Глазердің Тель-Авивтің «Маккабиіне» ауысқанын ресми түрде хабарлады.

Глазер «Қайратқа» 2025 жылдың басында қосылған еді. Осы уақыт ішінде ол Қазақстан чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ алматылық клубтың УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына көмектесті.

Израильдік жартылай қорғаушы «Қайрат» сапында жалпы 41 матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.

Еске салайық, «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін бірінші айналымнан бастады. Алматылық клуб алғашқы матчта Черногорияның «Сутьескасын» 2:1 есебімен жеңді. Қарымта кездесу 15 шілде күні Никшич қаласында өтеді.